Такси қымбат: отандық компанияларды дамытуға не кедергі?

Новости Астаны

Қазақстандықтардың басым көпшілігі әдетте такси қызметін ұсынатын шетелдік компанияларды таңдайды. Ал отандық компанияларды дамытуға не кедергі, олар неге қолдау таппайды? Мәселе Massaget.kz тілшісі материалында.

Қазақстандықтардың басым көпшілігі әдетте такси қызметін ұсынатын шетелдік компанияларды таңдайды. Ал отандық компанияларды дамытуға не кедергі, олар неге қолдау таппайды? Мәселе Massaget.kz тілшісі материалында.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

“Қымбат болса да ұзақ күткеннен тиімді”

Такcи қызметін ұсынатын шетелдік компаниялар бағасы үшін жиі сынға ұшырайды. Мұны Алматы, Астана секілді мегаполистерде тұратындар растайды. Әдетте ауа райы бұзылғанда, мұндай компаниялар да бағасын шарықтатып жібереді.

Жуырда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі “Яндекс.Такси” тарифті заңсыз көтергенін анықтады. Осылайша, компания жауапкершілікке тартылды. Ал бұл жүргізушілерге 10 миллиард теңге төлеуге және 1,4 миллион адам үшін такси құны төмендеуіне себеп болды.

Ал отандық такси қызметін ұсынатын компаниялар көбіне лайықты жағдай жасалмағаны үшін сөз естіп жатады. Мұны отандық компаниялардың бірінің қызметіне жүгінген алматылық Дина Литпин растады.

“Апару” қосымшасы нарықтағы басқа баламалы такси қызметіне қарағанда арзан болғанымен, тұтынушыларға жағдай жасалмаған. Такси тіпті жоқтың-қасы. Отандық қосымшаны сынап көрейін деген ниетпен жүктеп алып, тапсырыс беріп көргім келген еді. Қосымшада бірен-саран көлік жүреді. 15-20 минуттан кейін келеді деп ұсынады. Оны күтетін уақыт болмағандықтан, амалсыз “ресейлік сервиске” қайта жүгіндім”, – деді ол.

Отандық компаниялар неліктен шетелдік компанияларға “жұтылып кетіп” жатыр?

Қазақстанның такси қызметтері республикалық қауымдастығының төрағасы Медет Құрманов бүгінде отандық такси қызметін ұсынатын компаниялар көбейіп келе жатқанын айтады.

“Республикалық маңызы бар қалаларда Tappy Taxi, Aparu, Region секілді такси қызметтері жұмыс істейді, ал облыс орталықтарында “Народное”, “Бауырсақ” және басқа да қызметтер бар. Дегенмен олардың нарықтағы үлесі “Яндекс” пен “Индрайвермен” салыстырғанда айтарлықтай аз”, – деді ол Massaget.kz-ке.

Сарапшы отандық компаниялар неліктен шетелдік компанияларға “жұтылып кетіп жатқанын” түсіндірді.

“Шетелдік агрегаторлар нарыққа шыққанда қызмет бағасын нарықтан төмендетіп, жүргізушілерге бонустар ретінде қосымша төлем жасайды және жолаушыларды тарту үшін агрессивті маркетингтік стратегияларды қолданады. Бұл шаралар уақытша. Осының нәтижесінде отандық қызметтер мұндай бәсекелестікке шыдай алмайды: көпшілігі жабылып қалды, ал қалғандары негізінен корпоративтік келісімшарттар бойынша жұмыс істейді”, – деді ол.

Медет Құрманов Қазақстан нарығын отандық компаниялар толық қамтамасыз ете алмай отырғанына тағы бір себеп барын айтты. Бұл – ешқайда тіркелмей, жолаушы таситын жеке такси жүргізушілері, яғни көлеңкелі сектор.

Ал ресми түрде жолаушы тасымалдау үшін egov.kz порталы арқылы хабарлама беріп, жолаушыларды сақтандыруды рәсімдеп, әр жарты жыл сайын техникалық тексерістен өтіп, оған қоса ұлттық стандарттарды сақтау қажет.

“Қазір нарықтың 90 пайыздан астамы көлеңкелі секторда, ол мемлекет тарапынан реттелмейді және жүргізішулер тіркелмей жұмыс істейді. Мемлекеттік органдар такси саласын ұйымдастыру, реттеу, бақылау және қадағалау міндеттерін орындай алмай отыр. Мәселелер жылдар бойы жинақталып, шешілмей келеді. Дегенмен жолаушыларға такси қызметі қажет және бұл орынды көбіне жеке автокөлік иелері алып отыр, олар көлік заңнамасын сақтамайды”, – дейді сарапшы.

Маманның пікірінше, мәселе көлік заңнамасының орындалуын қамтамасыз етіп, жолаушылар, жүргізушілер, таксопарктер мен агрегаторлар арасындағы тепе-теңдікті ұстап тұратын біреу болғанда ғана шешімін табуы мүмкін.

“2020 жылдан бастап Көлік министрлігіне такси тасымалын ұйымдастыру бойынша мемлекеттік функцияларды нарыққа беру мүмкіндігін, яғни өзін-өзі реттейтін ұйым механизмі арқылы қарастыруды ұсындық. Тиісті түзетулер қабылданған жағдайда барлық мәселені талқылау, шешімін табу және такси саласын ұзақ мерзімді дамыту стратегияларын қалыптастыру мүмкіндігі пайда болады”, – деп түйіндеді ол.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Поделиться в соцсетях
Горячая тема
Из Астаны в село: почему жители столицы выбирают жизнь в Акмолинской области

Работа, жилье и помощь с переездом — такие условия предлагают новым жителям в некоторых селах Акмолинской области. Почему астанчане меняют столицу на село и каких специалистов особенно ждут в регионе — в материале корреспондента Kazinform. Фото: Kazinform/ИИ«Вот это я понимаю — забота о своих работниках» Жительница Астаны Гульден Баймукан поделилась на своей страничке в Threads приятной новостью. Семья переехала из столицы в одно из сел Акмолинской области, …

Поделиться в соцсетях
Горячая тема
Где в Казахстане дешевле продукты: обзор цен от Астаны до Шымкента

Сколько сегодня стоит собрать привычную продуктовую корзину в разных регионах Казахстана? Корреспондент агентства Kazinform сравнил цены на основные продукты в областях страны, и выяснил, где дешевле овощи, фрукты, мясо и птица. Фото: Министерство торговли и интеграции РКВажно отметить, что стоимость продуктов может меняться в зависимости от сезона, поставок и места продажи, поэтому приведенные в обзоре цены — это актуальный срез на начало …

Поделиться в соцсетях
Горячая тема
Казахстанские пляжники не смогли выйти в 1/4 чемпионата Азии

В Шанло (Китай) продолжается чемпионат Азии по пляжному волейболу, передает Kazinform со ссылкой на НОК. Фото: НОК РКПредставители Казахстана провели матчи 1/8 финала. В мужских соревнованиях на этой стадии выступили две казахстанские пары. Дмитрий Яковлев и Абдулмажид Мохаммад встретились с представителями Австралии Томасом Ходжесом и Беном Худом. Казахстанцы уступили со …

Поделиться в соцсетях